«Өмірді толтырамыз»: Magnum өзінің жаңа тұжырымдамасын ұсынды
Magnum компаниясы өзі үшін мерейтойлық, 15-ші жаңа жылын өз брендін өзгертіп қарсы алуға дайындалуда. Жұма күні өткен «MAGNUM MARKETING FORUM» форумында қазіргі уақытта 200 дүкенге дейін дерлік өскен сауда желісінің жаңа позициялану тұжырымдамасы мен жаңа жарнамалық мүмкіндіктері ұсынылды.
Өтіп бара жатқан жыл Magnum үшін серпілісті жыл болды: бұған дейін де жылына 25%-ға дейін, өте жоғары қарқынмен өсіп келе жатқан желі өз дүкендерінің санын екі еседен астамға – 105 сауда кешеніне арттырды, ал 2022 жылдың басында Қазақстанның 11 аймағында, сондай-ақ Ташкентте (онда алғашқы Magnum бір аптадан соң ашылады) олардың саны 197-ге жетпек.
Желінің тұрақты сатып алушыларының саны 3 миллионнан 4 миллионға дейін артты. Соның ішінде бір миллионнан астам адам компанияның Magnum club бейілділік бағдарламасының клиенттері болып, желі жаңалықтарын үнемі қадағалап отырады. Компанияның big data-мен жұмыс істеуінің даму шамасына қарай бейілділік бағдарламасының мүшелері өздерінің қалауларына сәйкес эксклюзивті ұсыныстар алатын болады.
Компанияның өсуіне қарай сатып алушылардың брендке бейілділіктері де артады (Magnum-ға келіп көрген сатып алушылардың 81%-дан астамы желі дүкендеріне қайтып оралады).
Орталық Азиядағы заманауи сауда нарығының көшбасшысына айналған компанияның трансформациялануы брендтің де трансформациялануына алып келмеуі мүмкін емес еді. Magnum-ның басты корпоративтік құндылықтары – сенімділік, жылдамдық, адалдық. Шындығына келгенде, дүкендерге баратын қазақстандықтардың көпшілігі (енді олардың қатарына өзбекстандықтар да қосылып жатыр) сауда желісіне өздерінің сатып алу стратегияларын, күнделікті өмірлерінің бір бөлігін сеніп тапсырады.
«Magnum. Өмірді толтырамыз» жаңа тұжырымдамасында клиенттердің брендке деген сеніміне, сондай-ақ экология мәселелеріне баса назар аударылады, бұл тұжырымдама сатып алушылардың өмірлерін бұрынғыдан да жайлырақ етуге арналған.
Magnum компаниясының Басқарушы директоры Мария Мун: «Біз клиенттеріміздің көптеген өмірлік міндеттері мен қарекеттері бар екендігін түсінеміз, сондықтан өнімдерді сатып алудың оңай және тиімді болуы: клиенттеріміздің өмірі толық болуы үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз».
Magnum өзінің көп форматтылығының арқасында, сатып алушының сұранымы қандай екендігіне қарамастан, барлығына тез және тиімді сауда жасау мүмкіндігін береді: бұл гипермаркетте үлкен сауда жасау немесе жай ғана жұмыстың алдында жайлы magnum cafe-лерде круассанмен бір шыны аяқ жаңа қайнатылған кофе ішу болуы мүмкін. Magnum club клиенттерінде мүмкіндіктер бұдан да көбірек.
Қазірдің өзінде App Store-дан жүктеп алуға болатын және желтоқсан айының ортасында Google Play-да да қолжетімді болатын жаңартылған қолданбада неғұрлым ыңғайлырақ бонустарды жинақтау, бағаларды тексеру, «халық бақылауы», дүкендердің мекенжайлары және транзакциялар тізімі функциялары бар. 2022 жылы қолданба көптеген басқа да пайдалы мүмкіндіктерді ұсынады.
Magnum.kz жаңартылған сайты (2021 жылдың желтоқсан айында шығады) да ең алдымен сатып алушыға ыңғайлы болуын көздейді: негізгі бөлім сауда желісіндегі жеңілдіктер каталогы болады, сондай-ақ қалаулары бойынша push-хабарламалар, пошта немесе SMS арқылы өздерін қызықтыратын науқандар мен жеңілдіктер туралы хабарламалар алу мүмкіндігі болады.
Magnum омниарналығы тауарларды жеткізушілер мен сатып алушылар арасындағы жолды барынша қысқартуға мүмкіндік береді.