ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!
Біздің Компанияның әріптестермен жұмыс істеудегі негізгі принциптері мөлдірлік және сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік болып табылады. Өкінішке орай қалыпты, сау бизнестің дамуына кесірін тигізетін сыбайлас жемқорлық фактілері бар. Әрбір заңсыз сыйақы – сапа мен мерзімге, соның нәтижесінде абырой-беделге және тұтас бизнеске тікелей әсер етеді. Бизнес бизнеске пара беруге тиісті емес. Төменде біздің бұдан арғы жемісті ынтымақтастығымызды қамтамасыз ететін негізгі ережелер көрсетілген:
- Егер Сіздің Компанияға қатысты біздің қызметкерлер тарапынан («қатардағы орындаушылардан бастап топ менеджерлерге дейінгі» дәрежеге қарамастан) заңсыз сыйақы алуға бағыттарған заңсыз әрекеттер жасалса, төменде көрсетілген байланыстар бойынша хабарлауыңыз керек. Ақпарат расталған жағдайда ол адам бұдан кейін компанияда жұмыс істеу құқынан айырылып, жұмыстан босатылатын болады. Жұмыстан босату себебі берілген ақпаратпен байланысты болмайды (құпиялық қатаң сақталады), ал сіздің Компания бізбен жұмыс істей береді.
- Егер Сізге қазіргі уақытта орын алып жатқан немесе бұған дейін орын алған, Сізге тікелей қатысты емес, бірақ біздің Компания қызметкерлерінің өз жұмыстарын орындау барысында сыбайлас жемқорлықпен байланысты заңсыз әрекет фактілері мәлім болса, бұл ақпаратты төменде көрсетілген байланыстар бойынша хабарлауыңыз қажет. Құпиялыққа кепілдік беріледі. Ақпарат расталған және шығын анықталған жағдайда біз біздің Компанияға келтірілген шығынның 10% ақшалай сыйақы төлеуге әзірміз.
Кез келген бизнестің негізгі мақсаты – табыс табу. Осы шаралар бізге бірлесіп жаңа биіктерді бағындыруға мүмкіндік береді деп санаймыз.
Төменде көрсетілген байланыстар бойынша тек қана сыбайлас жемқорлық құрамдары туындаған жағдайда ғана хабарлауларыңызды өтініп сұраймыз, басқа арыз-шағымдар қарастырылмайды.
"Magnum Cash&Carry" ЖШС Корпоративтік қауіпсіздік департаменті
Біздің ұйым қызметкерлерінің, оның ішінде басшылықтың әрекеттеріне қатысты арыз-шағымдарды төмендегі мекенжайға жолдауыңызды сұраймыз:
электронды почта бойынша: jaloba@magnum.kz
"Magnum Cash&Carry" ЖШС қызметкерлері құпиялылықты қамтамасыз ету үшін хабарламаны корпоративтік емес почтадан жолдай алады!
Алматы телефоны бойынша: +7 (771) 736-19-53
хатпен: 050000, Алматы қ, Әуезов ауданы, Астана-1 ш/а, 10 үй, «ЛЮМИР» СО, 3 қабат 47 каб. "Magnum Cash&Carry" ЖШС Корпоративтік қауіпсіздік департаменті үшін.