Қазақстандағы №1 Сауда-бөлшек желісі
 

Magnum аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға әлеуметтік топтамаларды беруін жалғастыруда

 

    Аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға қосымша қолдау көрсету бастамасы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа тиесілі. Мемлекет басшысы өзінің Қазақстан халқына Жолдауында атаулы әлеуметтік көмектің (АӘК) ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету және еңбекке ынталандыру мақсатында АӘК тағайындау тетігін түзетуді тапсырды. Мемлекеттік көмек көрсетудің жаңа шаралары 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап кешенді түрде жүзеге асырылуда және көп балалы отбасыларға жаңа мемлекеттік жәрдемақыны, атаулы әлеуметтік көмекті, аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға кепілдендірілген әлеуметтік топтаманы (КӘТ) қамтиды.

    1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға арналған КӘТ азық-түлік жинағы мен гигиеналық құралдар жинағын қамтиды. Ай сайын берілетін азық-түлік жинағы 1 жастан 3 жасқа дейінгі және 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың жас санатына байланысты құрамы бойынша ерекшеленеді, бірақ әлеуметтік топтаманың құрамы барлық аймақтарда бірдей. Жинақтардың құрамы физиологиялық ерекшеліктерін, өнімдердің тағамдық және энергетикалық құндылығының арақатынасын және жас мөлшеріне сәйкес оларды тұтыну нормасын ескере отырып, Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынымдары негізінде қалыптастырылады. Жинақтарға әр түрлі жармалар, езбелер, сүт және т.б. кіреді (төмендегі кестені қараңыз). Өнімдер дәрумендендірілген, бұл өсіп келе жатқан ағзада дәрумендердің мүмкін болатын жетіспеушілігінің орнын толтыруға мүмкіндік береді.

    Аз қамтылған отбасыдан шыққан әр балаға тоқсанына бір рет гигиеналық құралдар жинағы беріледі.

    Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту жөніндегі жергілікті атқарушы органдар ай сайын атаулы әлеуметтік көмек алушылардың тізімдерін құрады, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қажетті тауарларды сатып алуға қаражат бөледі. КӘТ жинақтарын беру операторы Мемлекеттік сатып алу туралы заңға сәйкес конкурстық негізде айқындалады.

    Magnum елдегі ең ірі көтерме және бөлшек сауда компаниясы болып табылады және 14 қалада үлкен филиалдар желісі бар. Бүгінгі таңда ол бірнеше аймақта: Алматы, Нұр-Сұлтан, Талдықорған, Тараз, Петропавл қалаларында, Түркістан, Алматы, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Жамбыл облыстарында КӘТ беру операторы болып табылады.

    Magnum үшін бұл – коммерциялық емес жоба. Ол компанияның әлеуметтік жауапкершілігі аясында жүзеге асырылады және қандай да бір материалдық пайда алуды ұйғармайды. Компания тауарларды нарықтық бағадан төмен бағада сатып алуды, әлеуметтік топтамаларды қалыптастырып, оларды КӘТ алушылар арасында бөлуді қамтамасыз етеді. 

    Осы жоба барысында 60 мыңнан астам бала тұрақты түрде қажетті өнімдерді алады. Қала тұрғындары бекітілген Magnum дүкендерінде әлеуметтік топтамаларды алады. Облыс тұрғындарына арнап Magnum-да қалыптастырылған әлеуметтік топтамаларды ауылдық округтар әкімдіктеріне жеткізу жүзеге асырылады.

    КӘТ алушылардың көп болуына байланысты әлеуметтік топтамаларды беру кестеге сәйкес кезең-кезеңмен жүзеге асырылады – Magnum барлық алушылардан – қала тұрғындарынан http://magnum.kz/ сайтындағы жаңалықтарды және компанияның әлеуметтік желілердегі аккаунттарын қадағалап отыруларын өтінеді.

    КӘТ беру үшін белгіленген филиалдардың тізімдері және алушылардың ЖСН тізімдері Компания сайтына орналастырылады. Әр филиалға нақты алушылар бекітіліп, беру күндері белгіленген. КӘТ алушы тізімде өз ЖСН пайда болғаннан кейін беру кестесіне сәйкес өзі бекітілген Magnum филиалына хабарласуы тиіс. 

    Magnum компаниясының филиалдарында әлеуметтік топтамаларды алу үшін жеке куәлікті көрсету қажет. КӘТ беру алушыларды Magnum компаниясының дерекқорында тіркегеннен кейін жүзеге асырылады.

    Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмекті алу және кепiлдендірілген әлеуметтiк топтамаларды алу тiзiмiне енгiзу ережелерiн нақтылау үшiн тұрғылықты жерi бойынша аудан әкiмдiктерiнiң еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау бөлiмдерiне хабарласу қажет.

   

Кепілдендірілген әлеуметтік топтаманың құрамы
 
912ca9fe-d6b9-453f-9dd1-8637016f9d17

КЕПІЛДЕНДІРІЛГЕН ӘЛЕУМЕТТІК ТОПТАМАЛАРДЫ БЕРУ КЕСТЕСІ.

Кестеде өз топтамаңызды алуыңыз үшін Сізді қашан және қай жерде күтетініміз көрсетілген.

Magnum дүкенінің мекенжайын және беру уақытын біліңіз.