Қазақстандағы №1 Сауда-бөлшек желісі

2020 жылғы 4 наурыз, 09:25

Негізгі міндет – әсерлі қызмет көрсетуге қол жеткізу.

Қазақстандағы жұмыс және қазақстандық бөлшек саудадағы жаңа трендтер туралы zakon.kz порталына Magnum-ның меншікті өндіріс директоры Артем Русинов әңгімелеп берді.

Басы

Мен Батыс Украинаның Хмельницкий қаласында туып-өстім. Соқпалы аспаптар класы бойынша музыкалық училищені бітірдім, еркін күреспен айналыстым. Училищеден кейін екі жоғары білім алдым: педагог-психолог және қаржыгер мамандықтары бойынша қос дипломым бар (қазір испандық МВА мектебінде тағы бір мамандық бойынша білім алудамын). Әскерде арнайы жасақта қызмет еттім, онда бізді бітімгершілік операцияларын жүргізуге дайындады. Кейіннен мені арнайы жасақта жұмыс істеуге шақырған, бірақ мен басқа таңдау жасадым: Украинаның ең ірі сауда-өнеркәсіптік компанияларының бірі – «Сильпо» дүкендер желісін иеленетін Fozzy Group компаниясына жұмысқа орналастым. Жұмысымды сатушы позициясынан бастадым. Екі жоғары білімі бар, әскерге барып келген адамның фирмалық кепка киіп алып, шұжық орап тұрғандығы ешкімге түсініксіз болды.

Толық мақаланы Zakon.kz порталынан оқыңыздар.