Құрметті сатып алушылар!
Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі № 360-VI «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексінің 110-бабындағы өзгерістерге байланысты 19.07.2020 ж. бастап алкоголь және темекі өнімдерін 21 жастан жоғары адамдарға ғана және тек жас мөлшерін растайтын құжатын ұсынған жағдайда ғана сатуға болады.
Заңнамадағы өзгерістерге сәйкес, темекі өнімдері ұғымына соның ішінде мыналар кіреді:
∙ қыздырылатын темекісі бар өнімдер (iQos және Glo);
∙ қорқорға арналған темекі,
∙ қорқор қоспалары,
∙ темекі қыздыруға арналған жүйелер,
∙ электронды тұтыну жүйелері және оларға арналған сұйықтықтар.
Алкоголь немесе темекі өнімдерін сатып алғанда, сіздерден жас мөлшерін растайтын құжаттарыңызды көрсетуді талап етуімізге түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз.
Жас мөлшерін растайтын құжат:
∙ жеке куәлік
∙ төлқұжат
∙ жүргізуші куәлігі болуы мүмкін.
Біз осы өнім түрлерін сатуды жүзеге асыратын компания ретінде жас мөлшерін растайтын құжатты талап етуге, сондай-ақ құжат болмаған немесе сатып алушының 21 жасқа дейінгі жас мөлшері расталған жағдайда, сатудан бас тартуға міндеттіміз.
Дүкенге баруға жиналғанда, осыны есте сақтаңыздар, біз сіздерді ренжіткіміз келмейді!