Ташкентте Magnum сауда желісінің алғашқы гипермаркеті ашылды
11 желтоқсанда Ташкентте Magnum компаниясының Өзбекстандағы алғашқы гипермаркеті ашылды.
Ауданы 5000 шаршы метрден асатын сауда залы Бунёдкор даңғылы, 52 (В блогы) мекенжайындағы Integro жаңартылған көп функциялы орталығында орналасқан.
Дүкенде бірқатар өзбекстандық, халықаралық және қазақстандық өндірушілердің азық-түлік өнімдерінен бастап азық-түліктік емес тауарларға дейінгі ассортиментінен 20 000-нан астам позиция ұсынылған.
Magnum балғын көкөністер мен жемістер санатына ерекше көңіл бөледі. Ассортиментте Бразилиядан, Италиядан, Қазақстаннан, Қытайдан, Колумбиядан, АҚШ-тан, Түркиядан әкелінген, сондай-ақ жергілікті өндірушілердің тауарлары бар. Импорттық өнімдер Өзбекстанға тасымалдау мен қауіпсіздіктің барлық ережелерін сақтай отырып әкелінеді.
Жаңа сойылған мал еті Қазақстаннан Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Halal» сертификаты бар сенімді жеткізушілер арқылы ғана жеткізіледі. Сонымен қатар, Magnum-да Өзбекстандағы үздік өндірушілер ұсынатын ет те болады.
«Magnum Cash&Carry» компаниясының басқарма төрағасы Азамат Османов:
– Бұл біз үшін өте маңызды оқиға, біз нарықты мұқият зерттеп, Өзбекстандағы ашылуға екі жылдай уақыт дайындалдық. Бүгінгі таңда Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы экономикалық байланыстар қарқынды дамып келеді, біз де бұл үдеріске өз үлесімізді қосатынымызға қуаныштымыз. Өзбекстандағы дамуымыздың алғашқы жылында біз 20 миллион долларға жуық инвестиция саламыз, қазірдің өзінде 500-ден астам жұмыс орнын құрдық, олардың көпшілігі өзбекстандықтарға арналған, алдағы уақытта бұдан әрі дамып, өсуді жоспарлап отырмыз».
Ташкенттегі Magnum гипермаркетінің тұжырымдамасы көп бос кеңістікті, кең қатарларды және тауарлардың ыңғайлы орналасуын, энергия үнемдейтін заманауи жабдықты, айшықты және бірегей интерьерді, бай ассортиментті, меншікті кафелер мен наубайханалардың болуын және тәулік бойғы жұмысты қамтиды.
Асқар Мінайдар, Magnum Uzbekistan бас директоры:
– Қазақстандағы тәжірибемізге және үздік әлемдік тәжірибелерге сүйене отырып, біз Өзбекстанда жергілікті ерекшеліктерге бейімделген әмбебап бизнес үлгісін жасадық. Бұл жерде біз компаниямыздың негізгі құндылықтарын – адал бағаларды, мол таңдауды және сенімді сервисті ілгерілетуді жалғастырамыз.
Ташкентте Magnum ашылған күні қаланың түкпір-түкпірінен гипермаркетке дейін Magnum фирмалық автобустары тегін қатынады. Ал алғашқы сатып алушыларды аты аңызға айналған «Ялла» музыкалық ұжымы мен Фаррух Закиров, Kuk Choy тобы, сиқыршылар, аниматорлар өздерінің өнерлерімен қуантты.
Сонымен қатар, Magnum науқандар мен Hyundai Elantra көлігінің, Ташкенттегі Golden House ұсынған пәтердің, серіктестер тауарларының және басқа да бағалы жүлделердің ұтыс ойындарын жариялайды. Жеңіске жету мүмкіндігін алу үшін https://t.me/mgmuz_bot Telegram-ботында 100 000 сомнан басталатын сомаға сауда жасаған чектерді тіркеу қажет.
Жыл соңына дейін тағы бір Magnum дүкені – Ташкенттің Сергелі ауданындағы супермаркет ашылады. 2022 жылы тағы екі гипермаркет пен бірнеше супермаркет ашу жоспарланып отыр.
Анықтама:
«Magnum Cash&Carry» — Орталық Азиядағы жетекші бөлшек сауда желісі, Қазақстандағы ең ірі жеке компаниялардың ондығына кіреді. Компанияға Қазақстанның 12 қаласындағы әр түрлі форматтағы 176 сауда кешені (гипермаркеттер, супермаркеттер және шағын форматтағы дүкендер) тиесілі.
«Magnum Cash & Carry» бөлшек сауда желісі сатып алушыларының жалпы саны күніне 350 000 адамнан асады, 1 млн. сатып алушы Magnum Club мүшелері болып табылса, 4 млн. адам Magnum-да тұрақты сауда жасайды. Қызметкерлер штатында 12 000-нан астам адам жұмыс істейді.