Қазақстандағы №1 Сауда-бөлшек желісі
Magnum тұрмыс жағдайы төмен отбасы балаларына әлеуметтік пакеттерді беруді алға қойды 
 
  
    Тұрмыс жағдайы төмен отбасы балаларына қосымша қолдау бойынша бастамашылдық ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа тиесілі.
    Елбасының Қазақстан халқына өз жолдауында еңбекке деген мінсіздік, әділеттілік пен ынталандыруды қамтамасыздау мақсатында АӘК тағайындау механизмін түзетуді жүктеді. Мемлекеттік көмектің жаңа шаралары 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап кешенді жүзеге асырылады және өзіне қосады: көп балалы отбасыларға арналған жаңа мемлекеттік жәрдемақы, атаулы әлеуметтік көмек, тұрмыс жағдайы төмен отбасы балаларына арналған кепілдендірілген әлеуметтік пакет.
    1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға арналған КӘП өзіне азық-түлік жинағын және гигиеналық құралдар жинағын қосады. 6 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға арналған мектептерде ыстық тамақтану, оқу керек-жарақтары және мектеп киімі қарастырылады. Сонымен қатар осы санаттағы балалар үшін мектепке дейінгі жол шығындары өтелетін болады.
    Ай сайын берілетін азық-түлік жинағы, балалардың жас санатына байланысты құрамы бойынша ерекшеленеді: 1 жастан 3 жасқа дейінгі және 3 жастан 6 жасқа дейін, әлеуметтік пакеттің құрамы аймаққа байланысты емес бірдей. Жинақтар құрамы Денсаулық сақтау Министрлігінің кеңесі негізінде физиологиялық ерекшеліктерді, өнімнің тағамдық және энергетикалық құндылықтарын және жас мөлшеріне тиісті қолдану нормалары қатынасын ескеріп, қалыптастырылған. Жинақтар құрамына әр түрлі жармалар, езбе, сүт және т.б. (кестеден қараңыз) жатады.тағамдар дәруменделген, өсіп келе жатқан ағзада дәрумендер жетіспеушілігінің орнын толтыруға мүмкіндік береді.
    Тұрмыс жағдайы төмен отбасы әрбір балаға гигиеналық құралдар жинағы тоқсанда бір рет ұсынылады.
    Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі атаулы әлеуметтік көмек алу алушылардың тізімін енді қалыптастырған болатын және қажетті тауарлардың сатып алуына қаражат бөлген болатын. Ал өкіметтің жергілікті органдары әрбір аймақта бағдарламаны жүзеге асыратын серіктестерді анықтаған болатын.
    Magnum еліміздегі ең ірі бөлшек-көтерме компанияларының бірі болып табылады және үлкен филиалдар желісін – 9 қалаларда 69 филиалдарды иеленеді. Сондықтан компания бірнеше аймақтарда: Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент, Алматы, Солтүстік-Қазақстан, Жамбыл облыстарында тұрмыс жағдайы төмен отбасыларына мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру ұсынысын қабылдаған болатын.
    Magnum үшін бұл коммерциялық емес жоба. Компанияның әлеуметтік жауапкершілігі шеңберінде жүзеге асады және қандай да бір материалдық табыс алуды көздемейді. Компания нарықтан төмен бағамен сатып алуларды, әлеуметтік пакеттерді қалыптастыруды және КӘП алушыларының арасында таратуды қамтамасыздайды.
    Осы жобаның барысында 50 мыңнан астам балалар күнделікті қажетті азық-түлікті алатын болады. Тұрғындар әлеуметтік пакеттерді Magnum-нің белгілі бір дүкендерінде ала алады. Magnum қалыптастырылған әлеуметтік пакеттер облыстардағы тұрғындарға Қазпошта жеткізеді.
    КӘП орасан зор алушыларының мөлшерімен байланысты, әлеуметтік пакеттерді беру кезеңмен жүзеге асырылатын болады – Magnum барлық алушылардан – қала тұрғындарынан http://magnum.kz/ сайтындағы жаңалықтарды және әлеуметтік желілерде компания аккаунттарын бақылап отыруды сұрайды.
    Компанияның сайтында КӘП берілетін филиалдар тізімі тіркеледі.
Әрбір филиалға нақты алушылар тіркелетін болады, сайтта ЖСН тізімі жарияланады. КӘК алушылары өз ЖСН тапқан соң, ол тіркелген Magnum филиалына бару қажет.
Magnum компаниясының филиалдарында әлеуметтік пакеттерді алу үшін жеке куәлікті ұсыну керек. КӘП беру Magnum компаниясының дерекқорында алушылар тіркелген соң, жүзеге асады. 
    Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алу ережелерін білу және кепілдендірілген әлеуметтік пакеттер алу тізіміне қосылу үшін тұратын мекен-жай бойынша аудандық әкімдіктерде еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бөлімдеріне жүгіну қажет.
Кепілдендірілген әлеуметтік пакеттің құрамы
 
912ca9fe-d6b9-453f-9dd1-8637016f9d17